Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2011.28.01 № 401-IV ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Медиация туралы
(2012.17.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-8-баптар)

2-тарау. Медиаторлардың және медиацияны жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдардың құқықтық жағдайы

(9-16-баптар)

3-тарау. Медиацияны жүргізу

(17-27-баптар)

4-тарау. Қорытынды ережелер

(28-бап)

 

 

 

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Медиацияның қолданылу саласы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын даулар (дау-шарлар), егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, мұндай дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

3. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

 

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім - тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку