Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.19.01 № 137 ҚАУЛЫСЫ

Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 19 қаңтардағы

№ 137 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген әрі мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік статистика саласында басшылықты және өз құзыреті шеңберінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) мұнай өнімдері - мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиациялық және дизельдік отын, мазут;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку