Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.02.03 № 157 ҚАУЛЫСЫ

Клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 24) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында клиникалық даярлауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған клиникалық базалардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері көрсетілген тізбеге сәйкес клиникалық базаларды мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай және коммуналдық төлемдерді өтемей беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 2 наурыздағы

№ 157 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір

шешімдерінің тізбесі

 

1. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 178-құжат).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку