Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.16.05 № 519 ҚАУЛЫСЫ

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын.

2. Ғылым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ұлттық ғылыми кеңестердің

тізбесі

 

Ұлттық ғылыми кеңестер ғылымның мынадай бағыттары бойынша құрылады:

1) энергетика;

2) шикізат пен өнімді тереңдетіп қайта өңдеу;

3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

4) өмір туралы ғылым;

5) елдің зияткерлік әлеуеті.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленген және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - Кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы орган болып табылады.

3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.

4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі - Кеңестердің жұмыс органы) Кеңестердің жұмыс органы болып табылады.

 

 

2. Кеңестердің міндеттері мен функциялары

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку