Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.29.06 № 874 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 874 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 29 маусымдағы

№ 874 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Министрліктің мынадай ведомстволары: Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Жастар ісі комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы 164), 165), 166), 167) тармақшалармен толықтырылсын:

«164) өнім берушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауына бақылауды жүзеге асыру;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку