(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 30 ҚАЗАНДАҒЫ № 1033 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 7 қазандағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдауға байланысты теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтер көрсету рыногындағы қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа