Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 11 МАУСЫМДАҒЫ № 572 ҚАУЛЫСЫ

Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 11 маусымдағы

№ 572 қаулысымен

бекітілген

 

Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2. Ереже тіркеу және есепке алу тәртібін салалық бағыттылығына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін оның жекелеген түрлерін қоспағанда, химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.

3. Осы Ереженің күші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы тиісті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тіркейтін пестицидтерге (улы химикаттарға) қолданылмайды.

4. Сатуға және пайдалануға арналмаған көрмелік немесе тәжірибелік үлгілерден басқа осы Ереженің талаптарына сәйкес тіркелмеген химиялық өнім Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілмейді.

5. Осы Ережеде Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

тізілім - тіркелуі туралы қажетті мәліметтері бар әрі индустрия және сауда саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі (бұдан әрі - тізбе);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку