(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2007.23.10 № 502 ...
Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы
(2011.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 969 «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3280-мен тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министрдің міндетін атқарушы |
|
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.14.09. № 425 Бұйрығымен жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 23 қазандағы
№ 502 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бұйрықтарды тіркеу кітабы
____________________________________________________________
(облыс)
__________________________________________________________________
(аудан, қала (ауыл)
__________________________________________________________________
Редакция документа
Демо – версия документа