(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.06 № 556 ҚАУЛЫСЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 Қаулысы
(2012.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 357 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесі;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесі;
3) ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1520 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1520 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі;
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1520 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) осы қаулы 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасы» бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа