(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.09 № 1153 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
«Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі халыққа қызмет көрсету қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметті автоматтандыруды қадағалау комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Мемлекеттік республикалық кәсіпорындары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жүргізушілердің, тасымалдаушының, сервис орталықтарының электрондық (цифрлық) тахографтарына электрондық карточкаларды (бұдан әрі - карточка) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа