(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.17.11 № 1351 ҚАУЛЫСЫ
Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 17 қарашадағы
№ 1351 қаулысымен
бекітілген
Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және темір жол жылжымалы құрамын және оның кепілін тіркеу, қайта тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктерді және багажды, және жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол жылжымалы құрамын тіркеудің бірыңғай мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) жүргізеді.
Редакция документа
Демо – версия документа