Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 164 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 164 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 282 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 780 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 8192 тіркелген) 1-тармағының 5) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Данаева Ж.Ж.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку