(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.28.04 № 167 ҚАУЛЫСЫ
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 167 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 68 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4669 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 167 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа