Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.28.09 № 1102 ҚАУЛЫСЫ

Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 1102 қаулысымен

бекітілген

 

 

Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін қоспағанда, республикалық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің иелігіне түскен жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар) мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері (бұдан әрі - объектілер) болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку