(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1996.20.11 № 3228 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы
Президентінің Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның әскери нышандары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығы
(2001.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiн, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігін, Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiн және Республикалық ұланды мемлекеттік сәйкестендiрудiң бiрыңғай жүйесiн енгізу мақсатында қаулы етемiн:
ҚР Президентінің 2001.12.04. № 582 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның әскери нышандары мыналар болып белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы (оның iшiнде, әскери-теңiз туы, корабльдер мен кемелердiң жалаушалары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдарының тулары мен брейд-жалаушалары), Iшкi iстер министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң және Республикалық ұланның тулары;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерi құрамалары мен бөлiмдерiнiң, Республикалық ұланның жауынгерлiк жалаулары, Iшкi iстер министрлігінiң және оған бағыныстағы органдардың жалаулары;
Редакция документа
Демо – версия документа