Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 сәуірдегі № 582 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 3228 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001 жылғы 12 сәуірдегі № 582 Жарлығы
Жекелеген әскери құралымдар мен арнаулы әскерлер құрылымындағы, сондай-ақ атауларындағы өзгерістерге байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі және Республикалық ұланның әскери нышандары туралы" № 3228 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізсін:
1) Жарлықтың атауы мен мәтініндегі "Шекара әскерлерінің", "Шекара әскерлері" сөздері тиісінше "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 1-тармақтың 2) тармақшасындағы, 2-тармақтың 2) тармақшасындағы, 3-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үкіметтік байланыстар бөлімдерінің", "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үкіметтік байланыстар бөлімдері" сөздері "Республикалық ұланның" сөздерімен ауыстырылсын;
3) 3-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің", "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі" сөздері тиісінше "Республикалық ұланның", "Республикалық ұлан" сөздерімен ауыстырылсын;
4) 5-тармақтың:
Демо – версия документа