«Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 559 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 3-ы.
№ 559
Президентінің
2013 жылғы 3 мамырдағы
№ 559 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 26 наурыздағы
№ 773 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - «Сырбар» қызметі) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының, арнаулы мемлекеттік органы болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа