(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 21 СӘУРДЕГІ № 367 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 Қаулысы
(2012.03.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамы бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 304-құжат);
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 414-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тілінiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
Редакция документа
Демо – версия документа