(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАҢТАРДАҒЫ № 71 ҚАУЛЫСЫ
«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 Қаулысы
(2008.22.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесі бекітілсін.
2. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 30 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану
ережесi
1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңында көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ақылы автомобиль жолын және көпір өткелін пайдалану - автомобильдердің және басқа көлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және автомобиль жолдарының және көпір өткелдерінің пайдалану кезеңінде талап етілетін техникалық деңгейі мен көліктік-пайдалану жай күйін ұстау;
пайдаланушы - ақылы автомобиль жолдарын және (немесе) көпір өткелдерін пайдаланатын концессионер;
Редакция документа
Демо – версия документа