(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАС...
Электр - және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 Бірлескен Бұйрығы
(2009.26.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.26.02 № 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009.27.02 № 51 Бірлескен Бұйрықтарымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Электр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр- және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа