«Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 320 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 сәуірдегі
№ 320 қаулысымен
бекітілген
«Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған
үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ішкі саясат басқармалары (бұдан әрі - басқармалар) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы келісімхат (бұдан әрі - келісімхат) не облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауабы бар хаты болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
келісімхатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хатты алу үшін - күнтізбелік отыз күн;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетуді алу үшін құжаттар пакетін тапсырғысы келетін мемлекеттік қызметті алушының рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа