(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.10.04 Ж. № 1112 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 Қаулысы
(2012.01.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды; 2008.19.07. № 712 қаулысымен өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.10.03. № 273 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4) тармақша жана редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің тізбесі;
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 5) тармақшамен толықтырылды
5) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 Қаулысымен 6) тармақшамен тармақшамен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.30.06. № 626 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрiне екі вице-министрi болуына;
Редакция документа
Демо – версия документа