(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.10.03 № 277 ҚАУЛЫСЫ
Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, жыл сайын 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне шекті тарифтерді түзету жөнінде ұсыныстар берсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
№ 277 қаулысымен
Бекітілген
Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі
1. Осы Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электр энергиясын өндіру саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар босататын электр энергиясына есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік орган - табиғи монополиялар және реттелетін нарық салаларындағы басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа