«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 230 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 230 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы және 5-1-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 230 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті.
Демо – версия документа