Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттерін) және жеке нөмірлері бар жетондар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 262 бұйрығы

Әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттерін) және жеке нөмірлері бар жетондар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 262 бұйрығы

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттерін) және жеке нөмірлері бар жетондар беру қағидалары бекітілсін.

2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.

3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін

 

 

Министр

Ә. Жақсыбеков

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2012 жылғы 20 маусымдағы

№ 262 бұйрығымен бекітілген

 

 

Әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттерін) және жеке нөмірлері бар жетондар беру

 қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттерін) және жеке нөмірлері бар жетондар беру қағидалары әскери қызметшінің жеке куәліктерін (әскери билеттерін) және жеке нөмірлері бар жетондарды жасау, беру, сақтау және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Әскери қызметшінің жеке куәлігі (әскери билеті) әскери қызметшінің жеке басын және оның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметте тұрғанын растайтын құжат болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметте және запаста тұрған барлық әскери қызметшілерге әскери қызметтегі және запастағы барлық уақытта сақталатын жеке нөмірлер тағайындалады және жеке нөмірлері бар жетондар беріледі.

 

 

2. Жеке куәліктерді (әскери билеттерді) беру тәртібі

 

4. Офицерлердің жеке куәліктері бланкілерінің үлгілерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлейді және оларды Қорғаныс министрі бекітеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку