Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.22.06. № 607 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 Қаулысы

(2013.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;

4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Мыналарға:

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына;

2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн.

5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 22 маусымдағы

№ 607 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы

ереже

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку