(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.03.03 № 237 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат):
кіріспедегі «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесінде:
1-тармақтағы, 3-тармақтың екінші абзацындағы, 7-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацындағы, 8-тармақтың 3) тармақшасындағы «Табиғи монополиялар», «табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа