Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.10.09 № 1173 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 1173 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру»
 мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Комитеттің аумақтық департаменттері және мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - МСЭҚК аумақтық департаменттері) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-бабына, «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына, «Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында www.mz.gov.kz  мекенжайы бойынша және Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаменттерінің, МСЭҚК аумақтық департаменттердің үй-жайларының көпшілікке қолжетімді орындарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку