-
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкiметiнiң
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 813 қаулысымен
бекiтiлген
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрліктер үйі, № 7 кiреберiс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК), сондай-ақ тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензирование» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасының, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа