(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАҢТАРДАҒЫ № 273 Ж...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
(2012.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың мынадай негізгі қағидаттары белгіленсін:
1) кезеңдердің біртіндеушілігі мен дәйектілігі;
2) реформалаудың алға қойылған міндеттерінің кешенділігі және ұсынылып отырған шешімдердің жүйелілігі;
3) транспаренттілік;
4) қабылданған шешімдерді іске асырудың тұрақты мониторингі;
5) жұмылдырылған барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігі.
ҚР Президентінің 2010.19.03. № 954 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі мыналарға негізделсін:
1) өңірлердің дербестігін сақтау барысында орталық мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларының тиімділігін арттыру;
2) атқарушы биліктің әртүрлі деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастарда икемділікті арттыру;
3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін кешенді бағалау;
4) мемлекеттік қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшін жағдай жасау;
5) мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру;
6) бюджет процесіне жаңа тәсілдер енгізу;
7) мемлекеттік менеджменттің соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдістерін енгізу;
8) сыбайлас жемқорлықты азайту.
3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиіс деп белгіленсін:
1) мемлекеттік басқарудың процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы жетілдіру;
2) мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін, тиімділігін және оның үйлесімділігін арттыру.
4. Қоса беріліп отырған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
ҚР Президентінің 201.27.09. № 395 Жарлығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа