(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.04 № 351 ҚАУЛЫСЫ
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 351 Қаулысы
(2013.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 62-жолда:
2-бағандағы «қайта тіркеу» деген сөздерден кейін «және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» деген сөздермен толықтырылсын;
5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
«ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, оның Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесі және ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК және «ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесі».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа