Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1816 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1816 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1816 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 20 мамырдағы

№ 454 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мынадай ведомствосы бар - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку