«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1741 Қаулысы (2013.18.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1741 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 22-құжат):
1-тармақта:
1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Запастағы офицерлерді әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Запастағы сарбаздарды, сержанттарды әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа