«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 8-тармағына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 68-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң ережесiне сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет- ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа