Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.31.05 № 609 ҚАУЛЫСЫ

Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 29) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 31 мамырдағы

№ 609 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерін және олар тұратын базаларға (құрылыстарға) (бұдан әрі - тұрақ-база) техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғым пайдаланылады:

шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ - база (құрылыс) - құрылыстары және шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын және оған іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

 

 

2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау

 

3. Мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау кеме кітабында жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку