Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.04.02 № 90 ҚАУЛЫСЫ

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 Қаулысы

(2011.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 4 ақпандағы

№ 90 қаулысымен

бкітілген

ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 271 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда)», «жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)», «жеткізуші (дайындаушы, сатушы)» деген сөздер тиісінше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» деген сөздермен ауыстырылды және «түзеу іс-шараларын», «түзеу іс-шаралары» деген сөздер тиісінше «түзеу әрекеттерін», «түзеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылды және «дайындаушы, сатушы» деген сөз «дайындаушы (орындаушы)» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 

«Сәйкестікті растау рәсімдері»

техникалық регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 271 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Регламент) өнімнің немесе қызметтердің регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) қолданылады.

2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.

Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку