«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген
«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды
қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою»
мемлекеттік қызмет стандарты
«Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгі қою» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына; «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
5. Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (бұдан әрі - паспорт) ресімдеу және паспорттарға паспорттың қолдану мерзімін ұзарту немесе ата-анасының біреуінің паспортына 16 жасқа толмаған бала туралы жазуды енгізу немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа