(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 815 ҚАУЛЫСЫ
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 Қаулысы
(2012.18.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 378 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 815 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарын және оралмандарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа