Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.06.07.№ 1605 ЖАРЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»

(2008.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің 2008.23.10. № 683 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. 2030 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 6 шілде 2005 жыл

№ 1605

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2005 жылғы

6 шілдедегі № 1605

Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеге қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан.

АЭА аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2. АЭА:

тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда, дайын бұйымдар өндірісін дамыту;

Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру;

дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркілерін өндірушілерді тарту;

жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр-түрін көбейту мақсатында құрылады.

3. АЭА-ның аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку