(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011.07.09 № 150 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және
жою қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру тәртібін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №59 өкімі;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкіміне толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 323 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 235-құжат).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қыркүйектің 7-і.
№ 150
Президентінің
2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 150 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою
қағидалары
Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Редакция документа
Демо – версия документа