Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 25.04.00 Ж. № 179 Қ...

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі № 179 Қаулысы

(2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.05. № 52 Қаулысымен 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «ЖСН (БСН)», «БСН» деген аббревиатуралар «СТН» деген аббревиатура болып, «Жеке сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздер «Әлеуметтік жеке код», «әлеуметтік жеке кодты» деген сөздер болып, «клиенттің сәйкестендіру нөмірі», «бизнес - сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып саналады

 

Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку