(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.07.02 № 115 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 Қаулысы
(2012.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.17.06. № 930 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 455 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1257 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.25.05. № 577 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.18.04. № 483 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы
| - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, төрағаның орынбасары |
Елемесов Омархан Көптілеуұлы
| - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының лауазымын уақытша атқарушы, хатшы |
Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы
| - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа