(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДАҒЫ № 234-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
(2012.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
4-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - уәкілетті органның бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлікпен расталған, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құқықтылығын тануы;
2) бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасауға берілген құқықтың қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттық растамасы;
3) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) - кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;
Редакция документа
Демо – версия документа