«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1591 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1591 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тілдерді дамыту мәселелерін қарау және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;»;
2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
17, 18 және 19-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1531 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның
құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы
| - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
Документ утратил силу
Демо – версия документа