«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1585 Қаулысы (күші жойылды)
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1585 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 514-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1585 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 609 қаулысымен
бекітілген
Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2001 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа