(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.30.03 № 288 ҚАУЛЫСЫ
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе»
интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия кұру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 Қаулысы
(2012.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған акпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін кұру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы30 наурыздағы
№ 288 қаулысымен бекітілген
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе»
интеграцияланған ақпараттық жүйесін кұру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже
1. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның мақсаты «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа