«Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1485 Қаулысы
Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1485 Қаулысы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 5-бабына және «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын және олар жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын.
2. Павлодар облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1485 қаулысына
қосымша
Павлодар облысының мәртебесінен айырылған жергілікті маңызы бар
тарих және мәдениет ескерткіштерінің және мемлекеттік тізімінен
шығарылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің тізімі
№ р/с | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Ағаштан салынған сәулет өнерінің ескерткіші | Қала құрылысы және сәулет | Павлодар қаласы, Мир көшесі, 40 |
2. | Майра Шамсутдинова тұрған үй | Қала құрылысы және сәулет | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 167 |
3. | Павлодар жұмыскерлері 1905 жылы алғаш ереуілге шыққан жердегі мемориалдық тақта, авторы О. Макиев, 1979 ж. | Қала құрылысы және сәулет | Павлодар қаласы, кеме жөндеу зауытының алдындағы алаң |
4. | Халық үйі | Қала құрылысы және сәулет | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 138 |
Демо – версия документа