«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» №1-АД нысанды есепті және оның құрастырылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 113 бұйрығы (2014.12.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-АД нысанды есепті және оның құрастырылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 113 бұйрығы
(2014.12.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 қазандағы № 109 бұйрығымен күші жойылды
Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауы жөнінде бірыңғай есепті қалыптастыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-АД нысанды есебі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-АД нысанды есебін құрастыру бойынша Нұсқаулық.
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Бас Прокурорының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 113 бұйрығына
2-қосымша
Документ утратил силу
Демо – версия документа