«Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысы (күші жойылды)
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған:
1) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
2) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 1460 қаулысымен
бекітілген
Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
р/с № | Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары | Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін | |||
1. | Қазақстан Республикасының азаматы | Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесi | ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді |
Документ утратил силу
Демо – версия документа