«Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 Қаулысы (күші жойылды)
Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 291 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар ретінде белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 296-құжат);
2) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 856-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қарашадағы
№ 1454 қаулысымен
бекітілген
Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда,
Документ утратил силу
Демо – версия документа